11 наурыз, 18:00
2018 жылдың наурыз айында сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Шымкенттегі орташа тәртіптегі абақтыға ауыстырылды. Бұл мәліметті ҚР ІІМ ҚАЖК ұсынды
Қуандық Бишімбаев биылғы 15 ақпанда ауыстырылған, бұған дейін ол жазасын Леңгірдегі қатаң тәртіптегі түрмеде өтеп жүрген болатын.
Сотталған экс-министр түзеу мекемесіне ауыстыру туралы өтініш жасаған болатын. Қуандық Бишімбаевтың өтініші қанағаттандырылмады, дегенмен, сот оны Шымкенттегі орташа тәртіптегі абақтыға ауыстыруға рұқсат берді.
Былтырғы наурыз айында жоғары дәрежелі шенеунік сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 10 жылға сотталған болатын.