Үкімет комиссиясы оқиға орнына келіп жетті. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап Elitar.kz хабарлайды.
Орын алған апатқа байланысты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі А.Мамин басқарған үкіметтік комиссия құрылды, оның құрамында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Р.Скляр, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.Атамқұлов және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері болды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған. Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификаты 2019 жылы мамырда берілді. Борттың шығарылған мерзімі 1996 жылдың сәуір айы. Қазақстандық реестрде 2016 жылғы 26 тамызда тіркелді. Әуе компаниядағы Fokker-100 әуе кемелерінің саны 10-ды құрайды, оның ішінді әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаты бар.
Оқиғаның нақты мән-жайы мен себептері анықталады. Қазіргі уақытта Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Бек Эйр әуе компаниясының эксплуатант және ұшу жарамдылығы сертификаттарын тоқтатты.
Еске салсаақ, бүгін, 27 желтоқсанда таңғы сағат 07:22-де "Бек Эйр" әуе компаниясының №Z2100 рейсі, Алматы - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша Fokker-100 ұшағы ұшып көтерілу кезінде биіктіктен айырылып, бетонды қоршауды сындырды. Алматы облысы Талғар ауданы аумағында Гүлдала мен Альмерек елдімекендері арасында екі қабатты құрылыспен қақтығыс орын алды. Дереу құтқару жұмыстары басталды, өрт болған жоқ. Медициналық көмек көрсету үшін 40 жедел жәрдем бригадасы аттанды. Қазіргі уақытта қаза болғандар саны - 12 адам.