Валюта:
  • USD / KZT - 544.87
  • EUR / KZT - 639.02
  • RUB / KZT - 6.88

    Италиядағы апаттан зардап шеккен Қазақстандықтар ауруханада жатыр

    24 мамыр, 12:00

    Италиядағы аударылған автобустан зардап шеккендердің жай-күйі жайлы сыртқы істер министрлігінің өкілдері айтты.

    "Қазіргі уақытта ауруханада түрлі жарақаттары бар екі қазақстандық қалып отыр. Олардан анықталғаны үш омыртқаның сынуы, қабырғалар мен бұғана сынуы, сондай-ақ көптеген соққылар. Итальяндық дәрігерлердің соңғы диагнозын күтеміз", - деп хабарлады СІМ.

    Қалған жеті турист қазіргі уақытта қонақ үйге орналасты.

    "Олар турды жалғастыруы мүмкін. Барлық қазақстандық туристерде медициналық сақтандыру бар. Жақын арада жәбірленушілердің туыстары Италияға келеді", - деп хабарлады СІМ.

    Оқиға сәрсенбі күні Сиена провинциясында орын алған. 60 турист болған автобус апатының салдарынан бір адам қаза тапты. Зардап шеккендердің жалпы саны 37 адамға жетті, оның ішінде тоғызы - Қазақстан азаматтары.