Шымкенттік шоколадшы өз өнерімен бөлісті

03 сәуір, 16:30

Александр Смирнов шоколадтан түрлі дүние жасаудың хас шебері. Жас шоколатье мектептен кейін аспаздыққа оқуға шешім қабылдады, бірақ ол үшін шоколад нағыз кәсіпке айналды.

Оның табиғи жаңғақтар қосылған кәмпиттері, цукаттар, ванильді шоколад плиталары – бүкіл қала тұрғындарының ықыласын өзіне аударды десе болады. Жас шоко-шебердің жасаған дүниелерінің суреттері әлеуметтік желілерді жарды, бұл сурет пе жоқ жеуге жарамды десерт пе айыру қиын.

Шоколадпен жұмыс істеуді бастамас бұрын, жас жігіт бүкіл әлемдегі атақты шоколатьелерде оқып шықты. Енді ол шоколадтан түрлі жеуге жарамды дүниелер жасап, жұртты таңқалдыруда. Александр тәтті кәсіптің ащы сәттері де бар екенін атап өтті.

"Мен түнге дейін отырып жұмыс жасаймын. Шоколад қарапайым материал емес, бірақ оның композициясын жасау маған ләззат сыйлайды. Нағыз шоколад да арзан емес, Қазақстан нарығында шоколадтардың түрлі маркаларын табу қиын",- дейді шоколатье Александр Смирнов .

Оның шоколад және десерттерінің бағасы дүкендерге қарағанда жоғары, өйткені қажет азықты шетелден тапсырыспен алады. Ол өнімін нағыз шоколадтан дайындайды.

"Менің алғашқы мамандығым аспаз, мен ол мамандықтың қыр-сырын меңгердім. Десе де жалыға бастадым. Сосын заманауи десерттерді зерттеуге тырыстым. Соңында шоколадпен жұмыс істеу маған ұнайтынын түсіндім",- дейді Саша.

Бір сағат ішінде Саша флористке айналады, міне, гүл бутоны, ол тәтті материалдан жасалған. Құмыра да, себет те шоколадпен безендірілген.

Өнерлі жігіттің ерекше кәсібі бүкіл әлемдік шоколад өнерінің шеберлерімен танысуға, сонымен қатар қала тұрғындарына табиғи өнімнен ерекше экспозициялар ұсынуға мүмкіндік берді.