Қызылордадағы тікұшақ апатына қатысты жаңа дерек шықты ​

01 сәуір, 18:00

Ағымдағы жылдың 27 наурызында апатқа ұшыраған МИ 8 экипажы ерлік көрсеткен.

ҚР Қарулы-Әуе қорғанысы күштерінің Әскери-әуе күштері қолбасшысы Дәурен Қосанов ұшқыштар әуе кемесін шаруа қожалығынан аулаққа бұрып алып кеткенін мәлімдеді.

"Тікұшақтың бір бөлігінің шашылып түсуі және "тікұшақ менің үстімнен ұшып өтіп, құлап кетті" деп куәгер ауыл тұрғынының айтуы – мұның алғашқы белгілері. Бұл - экипаждың соңғы мүмкіндікті пайдалана отырып күрескенін көрсетеді. Тікұшақты аулаққа бұрып, жер бетінде ешқандай ауыр зардаптардың болмауын, соның ішінде шаруа қожалығын бүлдірмеуге барынша тырысқан. Менің ойымша, 13 азаматтың барлығы да батырлар",- деді Дәурен Қосанов.
МИ 8 тікұшағының құлау себептері әзірге анықталған жоқ, қазір апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бортта болған барлық адам қаза тапты.