"Дос-Мұқасанның" солисті Мұрат Құсайынов "Эйр Астана" қызметкеріне қол жұмсады

17 сәуір, 20:22

"Дос-Мұқасан" солисті Мұрат Құсайынов "Эйр Астана"қызметкерін соққыға жықты деп хабарлайды Тengrinews.kz авиакомпанияның корпоративтік коммуникациялар департаментінің директоры Тілек Әбдірахымовқа сілтеме жасап.

Оқиға 14 сәуірде Нұр-Сұлтан - Алматы бағыты бойынша КС 852 рейсі ұшағында орын алған. Әуе компаниясы хабарлағандай Құсайынов қатты сөйлеп, дөрекілік танытқан.

Экипаж оны тасымалдаудан бас тартқаннан кейін ол авиакомпания қызметкерлерінің алдында жолаушыларға қызмет көрсету бойынша ауысым бастығының маңайынан соққы берген. Сол арқылы әртіс "Эйр Астана" қызметкерінің денсаулығына физикалық зиян келтірді.

"Әуе компаниясы жолаушыларға қатысты құқықбұзушылық әрекеттерге мүлдем төзбеушілік туралы мәлімдейді және зардап шеккен қызметкерге жан-жақты қолдау көрсетеді. "Эйр Астана" Нұр-Сұлтан әуежайындағы Желілік полиция бөліміне сотқа дейінгі тергеу және Құсайыновты жауапкершілікке тарту туралы өтініш білдірді", - деді Тілек Әбдірахымов.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі тергеу жұмыстарын Нұр-Сұлтан әуежайындағы желілік полиция бөлімі "әуе кемесінің бортындағы бұзақылық" бабы бойынша жүргізетінін хабарлады. Бұл бап бойынша - бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл және бес жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген.