Валюта:
  • USD / KZT - 519.51
  • EUR / KZT - 611.83
  • RUB / KZT - 6.6

    Шымкенттің кезекші халыққа қызмет көрсету орталығы сенбі күні жұмыс істейді

    01 шілде, 09:49

    ​«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласындағы филиалы 1 шілдеден бастап кезекші ХҚО жұмыс кестесіне өзгерістер енгізетінін хабарлайды.

    Енді қаладағы кезекші халыққа қызмет көрсету орталығы сенбі күндері сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Мереке күндері ғана демалыс болады. Жұмыс күндері олардың жұмыс кестесі өзгеріссіз – сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.

    Жалпы, халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (дүйсенбі – жұма) жұмыс істейді.

    Еске салайық, мемлекеттік қызметтерді ХҚО қосымшасы, eGov.kz порталы, EgovKzBot2.0 Telegram боты және Egovmobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн режимінде алуға болады.

    Кезекші халыққа қызмет көрсету орталығының мекенжайы: Әл-Фараби ауданы №1 бөлімі, Жангелдин көш., 13 А.