2019 жылдың 3 тамызында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданының плиция басқармасына қаладағы сауда ойын-сауық орталықтарының біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен болатын, деп хабарлайды Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.
Аталған жайт бойынша шұғыл әрекет ету қызметі шықты. Сауда орталығының аумағы қоршалып, келушілер мен жұмысшылар эвакуацияланды. Полиция қызметкерлерімен тексеру барысында жарылғыш заттар табылған жоқ.