Павлодар облысының бұрынғы басшысына бұлтарпау бұлтартпау шарасы өзгертілді.
Павлодар облыстық сотының мәліметінше, өңірдің экс-әкімі Болат Бақауов үйқамақта отыратын болды.
«Павлодар қалалық мамандандырылған тергеу сотының 2020 жылдың 18 ақпанындағы үкімімен ҚР ҰҚК Тергеу-жедел тобының басшысы – ТД бас тергеушісінің ҚР Бас прокуратурасының Қылмыстық қудалау қызметінің бастығымен келісілген қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын үй қамауына өзгерту туралы өтініші қанағаттандырылды», - делінген облыстық сот хабарламасында.
Еске салайық, ағымдағы жылдың 15 қаңтарында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті сол кездегі Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты істің тергеліп жатқанын хабарлады. ҰҚК таратқан ресми ақпаратта Болат Бақауовқа қатысты лауазымдық уәкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 362-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша тіркелген қылмыстық іске сәйкес жедел-тергеу шараларын жүргізгені белгілі болды.