Алматы маңында апатқа ұшыраған "Бек Эйр" ұшағының екінші пилоты көз жұмды.
Апат салдарынан ауыр жарақат алған екінші ұшқыш №4 қалалық ауруханадан 21 қаңтар күні емханада амбулаториялық емделуге жағдайы тұрақты күйде үйіне шығарылған болатын. Алайда ер кісі бүгін кенеттен өзін жайсыз сезінген. Туыстары кешкі сағат 18.00-дер шамасында жедел жәрдем қызметін шақырған. Шұғыл жеткен дәрігерлер ұшқышты аман алып қала алмады. Әзірге пилот өлімінің себебі белгісіз.
Айта кетейік, марқұм болған екінші ұшқышы 1965 жылы дүниеге келген.
Еске салсақ, ағымдағы жылдың 27 қаңтарында Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған "Бек Эйр" әуе компаниясының ұшағы Алматы маңында апатқа ұшырады. Борт командирі оқиға орнында көз жұмды, ал екінші ұшқыш аурузанаға Миржан Молдақұлов ауыр жарақат алды, оның омыртқасына күрделі ота жасалған еді.