​Бауыржан Байбек Шымкенттегі әкімге: Неге халықтан қорқасыз?

20 қыркүйек, 00:00

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Шымкент қаласына жасаған кезекті сапарында аудан әкіміне осылай деп ескерту жасады, деп хабарлайды Elitar.kz.

Бауыржан Байбек Шымкент қаласындағы «Азат» шағынауданына арнайы барды. Онда жергілікті халық партия басшылығына өз мұңын шақты.

«Су керек бізге, жаздың күні бақшасы бар, басқасы бар, су жетпейді...»,-деді тұрғындардың бірі. Мұны естіген Бауыржан Байбек аталған шағынаудан басшысына ескерту жасады.
«Сіз бе аудан әкімі? Тағы бір рет сізге ескерту айтайын, әлеуметтік желілерден біз естідік. Қала әкімі қолдады, сіз соңғы кезде бармаймық-бармайық, басқа жерге деп... Неге халықтан қорқасыз? Ешқашан қорықпау керек. Әкім халық арасында бару керек, шешу керек, көмектесу керек. Біздің халқымыз ғой. Біз де қарапайым азаматтармыз. Біздің де аналарымыз бар, біздің де балаларымыз, ата-аналарымыз бар, солай ғой. Сондықтан шешу керек. Шешілмесе «кішкене шыдаңдар» деп айту керек»,-деді Шымкент қаласындағы Қаратау ауданының әкіміне қарата сөйлеген Бауыржан Байбек.
Өз сөзінде партия төрағасының бірінші орынбасары азаттық тұрғындарға олардың айтқан мәселелері бойынша қала басшысымен нақты жұмыстар талқыланғанын, келер жылы проблеманы шешуге 480 млн теңге бөлінгенін жеткізді. Одан өзге көктемде қосымша 250 млн теңге бөлінетінін де атап өтті.

ФОТО: "Нұр Отан" партиясы баспасөз қызметінің видеосынан скрин