Валюта:
  • USD / KZT - 533.61
  • EUR / KZT - 621.07
  • RUB / KZT - 6.78

    Қазақстандағы коронавирус. Инфекцияны жұқтырғандар саны 1275 адамға жетті

    15 сәуір, 12:55

    15 сəуір сағат 12:30-дағы жағдай бойынша елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 8 адам тіркелді. Олар: Нұр-Сұлтан қ. – 3, Қарағанды облысы – 1, Ақтөбе облысы – 1, Ақмола облысы – 1, Қызылорда облысы – 2 адам.

    Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 1275 адам анықталды. Оның 370-і Алматы қаласында, 294-і Нұр-Сұлтанда, 126 науқас Қызылорда облысында тіркелген. Қалғандары:

    Қарағанды облысы – 81;

    Ақмола облысы – 80;

    Атырау облысы – 70;

    Түркістан облысы – 49;

    Жамбыл облысы – 49;

    Шымкент қ. – 40;

    СҚО – 26;

    БҚО – 18;

    Ақтөбе облысы – 13;

    Павлодар облысы – 11;

    Маңғыстау облысы – 11;

    ШҚО – 8;

    Қостанай облысы – 5 адам.

    Айта кетейік, елімізде COVID-19 диагнозы расталып, ем қабылдаған 203 адам жазылып шықты. Өкінішке орай, 15 науқас аталған індеттен көз жұмды.