​Тәртіп сақшысының көлігін эвакуатор алып кетті

06 ақпан, 14:50

«Эвакуатордың қолынан келді!». Әлеуметтік желі қолданушылары тәртіп сақшыларының көлігін эвакуатор алып кетіп бара жатқан фотоға осылай деп баға беруде. Фотодан автокөліктің Қонаев даңғылына қойылғанын, нөмірі Шымкентке тиесілі екенін көруге болады. Желі қолданушыларының көбісі фотоға әзілмен қараса, кейбірі, тіпті кекесін танытуда.