Ақтөбеде салық органының қызметкері кәсіпкерді соққыға жықты

30 қыркүйек, 18:03

Бұл оқиға Ақтөбе облысында Қобда ауылында орын алған.

Караоке кафесіне келген екі азамат есептесуден бас тартып, салық органында еңбек ететіндерін айтып қоқан-лоққы көрсеткен. Олардың бірінің кафенің алдында дәрет сындырған сәті түсіп бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кафе әкімшісі ескерту жасаған сәтте олардың бірі кәсіпкер келіншекке қол көтерген. Қазіргі таңда әйел азаматы ауруханада. Оған бас-ми жарақаты мен бас миының шайқалуы диагнозы қойылған. Алған жарақаты орташа ауыр.

Бұл оқиға полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша тіркеліп, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Белгілі болғаны, караокеге келген екі азамат он жылға жуық салық саласында еңбек етіп келген. Олардың екеуі де оқиға болған күні өз еріктерімен жұмыстан кеткен болып шықты.