Ақтаулық балабақшадағы 1 жасар бала өлімі: Жаңа деректер анықталды

09 желтоқсан, 13:10

Қайғылы оқиға 6 желтоқсанда түскі уақытта болған. Нәресте №27 шағынауданда орналасқан жеке балабақшада күтушімен отырғанда қайтыс болды. Әзірге сәбидің қайтыс болу себебі белгісіз. Алдын ала болжам бойынша аллергиялық аурудан көз жұмған болуы мүмкін.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факт Қылмыстық Кодекстің "Адама өлімі" бабы бойынша тіркелді. Ал қалалық білім беру бөлімінің хабарлауынша, оқиға жекеменшік үйде орын алған, ол жер балабақша ретінде тіркелмеген. Әйел азаматы бес баласымен және күйеуімен үш бөлмелі пәтерде тұрады. Ол өзге ата-аналардың өтініші бойынша бала күтумен айналысқан.