Ақтауда 12 жастағы мектеп оқушысын көлік кағып кетті. Оқыс оқиға қаладағы сауда орындарының бірінің жанында болған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Жасөспірім бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Оған жабық-ми жарақаты, 2-дәрежелі травматикалық шок, ішкі құрылысының жарақаттануы диагноздары қойылды. Қазіргі таңда зардап шеккен оқушы Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.