Валюта:
  • USD / KZT - 544.87
  • EUR / KZT - 639.02
  • RUB / KZT - 6.88

    Арыста жаппай төбелес кезінде бір жасөспірім пышақ жарақатын алды

    16 қаңтар, 14:14

    Түркістан облысының полицейлері жасөспірімдер арасындағы төбелес жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Elitar.kz.

    15 қаңтарда Арыс АПБ-нің кезекші бөліміне кәмелет жасына толмаған жасөспірім жарақат алып, ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының анықтауы бойынша түнгі уақытта Арыс қаласының көшелерінің бірінде жасөспірімдер арасында жанжал туындап, төбелеске ұласқан. Төбелеске қатысушылардың бірі құрдасын пышақпен жарақаттаған.
    Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.
    Қазіргі уақытта аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 24-99-бабы "Адам өлтіруге оқталу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.