Аспаздық жетістікті тіркеу үшін Ұлыбританиядан сарапшылар келеді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қарағанды облысында бір уақытта екі мерейтойлық оқиға атап өтілмек. Оның бірі - Жаңаарқа ауданының 90 жылдығы, екіншісі: ұлы қазақ ақыны және жазушы Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы.
Мереке 14 қыркүйекте өтеді. Салтанатты шараларды Сәкен Сейфуллинге арналған ескерткіштің маңында театрландырылған көрініс ашады. Мереке Атасу кентінен үш шақырым қашықтықта, Қарауыл төбе деген жерде жалғасады.
Жаңаарқалықтар мереке ерекше есте сақталып қалуы үшін Гиннестің рекордтар кітабына ену туралы шешім қабыдаған. Ауданда халық шеберлері он мың литр қымыз дайындамақ. Ерлер мен әйелдер ұлттық костюмдерде «Жаңаарка вальсін» орындайды және бір мезгілде 1000 бөшкеде 10 мың литр қымыз араластырады. Аспаздық жетістікті тіркеу үшін Ұлыбританиядан сарапшылар келеді.
Сондай-ақ, «Бауырсақ» және «Палау» фестивальдері барысында тегін дәмнен ауыз тиюге болады.
Осы күні Сәкен Сейфуллиннің «Жыр Сұңқары» атты мәнерлеп оқу байқауының жеңімпаздары марапатталады.