«Петропавл-Қызылорда» бағытындағы жолаушылар пойызының машинисті түн уақытында «Аршалы-Анар» аралығында 11 бас жылқыны қағып кетті. Polisia.kz таратқан ақпарат сәйкес, аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалып, жылқылардың иесін анықтау бойынша іздестіру іс-шараларын жүрізілуде.
Жыл басынан бері пойыздарды шұғыл тежеудің 214 фактісі тіркелген, олардың 130-дан астамы темір жол үстіне малдардың шығып кетуінен орын алған. Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері барлық фактілер бойынша мал иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін оларды анықтау шараларын қолдануда. Бүгінгі күні темір жол бойында мал жайған 70-тен аса тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды.