BekAir әуекомпаниясы ұшағының апатқа ұшырау себептерін анықтау бойынша үкіметтік комиссия жұмысының алдын ала болжамы белгілі болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр мәлім етті.
Роман Склярдың айтуынша, комиссия апаттың мән-жайын талдай келе, 4 нұсқаны анықтаған.
Біріншісі: әуе кемесіне коммерциялық жүктің тиелуіндегі және ұшақтың тепе-теңдігін анықтаудағы бұзушылық (бұл нұсқа расталмады);
Екіншісі: сыртқы факторлардың әсері, метеожағдайлар (Bek Air компаниясының мәліметі бойынша жерсеріктік із ұшу-қону жолағынан солға қарай жылжиды, сондықтан оқиғаның орын алуына әкеп соға алмайды, қауіпті құбылыстар байқалмаған. Бірақ коммисия екі тәулік бойы тұрақта тұрып қалған ұшақ бетінде мұздың жиналу ықтималдығын атап өтті);
Төртіншісі: авицаялық техниканың істен шығуы (бірақ комиссия ұшу алдында техника жұмысы бойынша ескертулер болмағанын, ұшақ толық көлемде дайын болғанын назарға алған).
"Болған апаттың негізгі нұсқасы – әуе кемесінің үстіне мұздың қатып қалуы... Әуе кемесін мұздың басуына қарсы сұйықтықпен өңдеу жұмысы ішінара жүргізілген. Әуе кемесі командирінің шешімі бойынша, тек стабилизаторды өңдеу туралы шешім қабылданған. Бірінші санаттағы мұздың басуына қарсы сұйықтықпен ұшақ қанаттары да өңделуі тиіс»,-деді Роман Скляр.
Естеріңізге салайық, оқыс оқиға 2019 жылдың 27 желтоқсанында орын алды. Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан "БекЭйр" компаниясының ұшағы радардан жоғалып кетіп, артынша ұшақтың Алматы маңына құлағаны белгілі болды.