Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық топ құрамында төрт күдікті бар. Оның біреуі әйел азаматы және топ мүшелері ішіндегі жасы үлкені.
Күдіктілер интим қызмет көрсететін сайттарды зерделеп, ондағы еркектерге қоңырау шалып, жалдамалы пәтерге шақырып отырған. Ал қызмет ақысын келген соң төлейтінін ескерткен. Алайда келген бойда оларды жабылып соққыға жығып, ақша, ұялы телефондар мен өзге де бағалы заттарын тартып алып келген. Күдіктілер бәлкім интим қызмет көрсететін жігіттер полицияға шағым түсірмейді деп болжаған болуы мүмкін.
«Күдіктілердің осындай қылмыс жасаған 4 эпизоды дәлелденді. Олардың екеуі бұған дейін біреудің мүлкін қолды еткендері үшін жауапқа тартылған. Ең үлкені 27 жастағы қыз. Қалған күдіктілер 1998, 1999 және 2000 жылғы жігіттер. Олар Алматыға Қазақстаның басқа облыстарынан келген. Ешбірі жұмыс істемейді. Барлығы ұсталып, тергеу изоляторында қамауға алынды. Қылмыстық топ мүшелеріне ҚР ҚК 190 бабының 2-бөлігі "қарақшылық" бойынша айып тағылып отыр",-деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ұлан Әбілқайыр.