Алматыда жайлы қалалық орта басқармасының басшысы тағайындалды

18 қыркүйек, 17:50

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен жайлы қалалық орта басқармасының басшысы болып Қуандық Айтмағанбетов тағайындалды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қуандық Айтмағанбетов 1980 жылы 8 сәуірде туылған.

Білімі жоғары, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін, Орталық Қазақстан академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Астана қаласы абаттандыру басқармасының жол жұмысшысы болып бастаған.

2002-2016 жылдар аралығында «Қалкоммуншар» МКК жөндеу-құрылыс басқармасының прорабы, «Астанақұрылысинжиниринг» ЖШС жетекші инженері, Астана қаласы құрылыс департаментінің инженер-құрылысшы міндетін атқарушы болған.

2008-2016 жылдар аралығында Астана қаласының құрылыс басқармасында талдау бөлімінің бас маманы және құрылыс бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2016 жылдың желтоқсанынан 2019 жыл аралығында Алматы қаласының құрылыс басқармасында жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы, басшының орынбасары қызметтерін атқарған.

Қуандық Айтмағамбетов жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Алматы қалалық жайлы орта басқармасы басшысының орынбасары болды.