Алматы облысында «БМВ-530» автокөлігі талға соғысып, екі адам қаза тапты.
Жол-көлік оқиғасы бүгін Алакөл ауданының орталығы Үшарал қаласында орын алды. Қала көшелерінің бірінде келе жатқан көлік жол шетіндегі талға соғысқан. Оқиға салдарынан 23 жастағы көлік жүргізушісі мен бір жолаушы көз жұмды. Көлік ішінде болған тағы екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.
Облыстық полиция департаментіндегілердің мәліметінше, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Осы ретте полицейлер ауа райының күрт суып, згеруіне байланысты жүргізушілер қысқы дөңгелектерге көшуі қажеттігін ескертеді.