Алматы тұрғынының Армениядан 78 көлік әкелгені анықталды

05 ақпан, 16:26

ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы облысының тұрғыны Армениядан 78 автокөлік алып келген және темір тұлпардың барлығын өз атына тіркеген. Ал Атырау облысында екі тұрғынның Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдерден 43 және 40 автокөлікті Қазақстанға алып келгені анықталды. Елімізге 5-тен көп көлік алып кіргендердің басым көпшілігі Атырау (2300 автокөлік), Маңғыстау (468), Ақтөбе (391 автокөлік), Алматы (170) және Түркістан облыстарының (146 автокөлік) тұрғындары.

Жалпы мәлімет бойынша, 475 қазақстандық 4152 автокөлік алып келгені белгілі болды.