06 наурыз, 12:25
Cable зерттеу компаниясы қай елде интернет бағасы арзан екенін зерттеп көрді.
Соның нәтижесінде Қазақстан қолжетімді интернеті бойынша 3-орынға тұрақтады, алда тек Үндістан мен Қырғызстан бар.
Үндістанда 1 Гб интернеттің бағасы – 0,26 доллар, Қырғызстанда – 0,27, ал Қазақстанда 0,49 доллар тұрады. Қолжетімді ұялы интернет бойынша алғашқы ондыққа Украина, Руанда, Судан, Шри-Ланка, Моңғолия, Мьянма және Конго Демократиялық Республикасы енді.
Рейтинг бойынша ұялы интернетке Зимбабве тұрғындары қымбат төлейді, ол елде 1 Гб интернеттің бағасы – 75,2 доллар. Қымбат баға, сонымен қатар, Экваториалды Гвинеяда, Қасиетті Елена, Фолкленд және Бермуд аралдарында, Джибути, Грекия, Самоа, Токелау және Науруда тіркеліп отыр.
Ресей 1 Гб интернет үшін орташа 0,91 доллар бағамен рейтингтің 12-орнында келеді. Зерттеу авторлары ТМД елдеріндегі мобильді интернет біршама арзан екенін айтады. Дегенмен, Түркіменстан интернеті қымбат елдердің қатарына қосылды, ол елде 1 Гб интернет орташа есеппен 19,81 доллар тұрады.