Адам ағзасына зияны бар азық-түліктің тізімі анықталды. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау комитеті биылғы қаңтар айында Қазақстанға жеткізілетін тағамдардың арасынан гигиеналық нормативтер мен техникалық регламентке сай келмейтін тағам түрлерін анықтады.
ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің сайтында тексеру кезінде олқылықтар анықталған тағамдар түрлері жарияланды.
1. Жалпы микробты қалыптық көрсеткішке сай келмейді:
- ООО «СПК Курников» (РФ) – Атырау облысындағы сауда нүктелерінен: № 9 қойма (Атырау қаласы, 1 көше, 35-құрылым), «Дамир» дүкені (Атырау қ., Көктем ш/ауд., 16) және «Аружан» дүкенінен (Құсары қаласы, 5-учаске) сатып алынған «Крестьянский» құс етінен жасалған фарш сынамаларында;
- ЗАО «Ставропольский бройлер» (РФ) – «Дамир» дүкенінен сатып алынған (Атырау облысы, Атырау қ., Көктем ш/ауд., 16) «Благояр» бройлер-балапанның саны етінің сынамасынан;
- ААҚ «Ак-Сут» – «ИП Арва С.А.» азық-түлік дүкенінен сатып алынған (Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Масанчи ауылы ,32) «Голландский» балқытылған ірімшігінің сынамасынан;
- ЖАҚ «Инжавинская птицефабрика» – «Бекарыс» дүкенінен сатып алынған (Атырау облысы, Миялы ауылы, Құнанбаев көш., 51) «Благояр» броейлер-балапанның қанатының сынамасынан;
- ЖАҚ «Приосколье» – «Салем» дүкенінен сатып алынған (Атырау облысы, Индербор ауылы, Ақжайық көшесі) броейлер-балапанның денесінің сынамасынан.
2. ООО «КДВ Яшкино» (РФ) – «Полина» дүкенінен (Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Жеңіс көшесі, 136) сатып алынған құлпынай джемді шағын круассандардың сынамасынан жалпы микробты көрсеткіш пен көгерудің көрсеткішіне сай келмейді;
3. ЖК «Алимбеков Б.» (ҚР) – «Продукты плюс» дүкенінен сатып алынған (Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қазақстан көшесі, 104) сиыр етінен жасалған фарш сынамасынан ішек таяқшаларының бактериялар тобы табылды;
4. ООО ПКФ «Пикант» (РФ) – №9 қоймадан (Атырау облысы, Атырау қаласы, 1 көше, 35-құрылым) сатып алынған «Гурман» ысталған-қайнатылған рулеттің сынамасынан S. Aureus табылды;
5. ООО «ПИК» (РФ) – «Диар» дүкенінен сатып алынған (Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Есмағамбетов көш., 46) «Старорусская» уылдырығынан балама түрінің сынамасынан ашытқы табылды;
6. ООО «Богородский мясоперерабатывающий комбинат» (РФ) – «Аэлита» дүкенінен сатып алынған (Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы) «Вкусно сытно» сиыр етінен жасалған түшпараның сынамасынан ішек таяқшаларының бакториялары тобы, жалпы микробты көрсеткіштің артуы анықталды.
Қазіргі таңда қауіпті тағамдарды сауда нысандарынан тәркілеп алу және сатушыларға қатысты әкімшілік шаралар қолға алынған. Комитет тарапынан тәртіп бұзушылықтың себеп-салдарынан анықтауға бағытталған бірқатар эпидемиялық шаралар жүргізілуде.
«Дүкен сөрелерінен талапқа сай келмейтін тағамдар анықталған жағдайда Комитетке және оның аумақтық департаменттеріне хатпен немесе 8 (7172) 74-27-04 нөмірі арқылы хабарласа аласыздар (әр аймақтағы департамент туралы мәліметтер kooz.dsm.gov.kz/ru сайтының «аумақтық департаментер» бөлімінде көрсетілген)», - деп қосты қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің өкілдері.