Газ қызметінің мамандары Сарыағаштағы жүздеген үйге тексеру өткізді. Мамандар жылыту құралдары мен олардың орнатылуын кезекті рет тексерді. Мұндай рейд жыл сайын міндетті түрде өтуде, себебі тұрғындардың көбісі газ құрылғыларын пайдалану ережесіне салғырт қарап, өз өмірлерін қатерге тігуде.
Сүлеймен Әмірсейітовтың үйі «иран пешімен» жылынады, үй иесі оны бір жыл бұрын 24 мың теңгеге сатып алған. Ал газ мамандары мұны пайдалану қауіпті екенін, себебі ол дұрыс қосылмағанын, иіс газын бөлуі мүмкін екенін айтады. Анық болғаны, үй иесіне ескерту алғаш рет жасалмаған, дегенмен ол олқылықты жөндеуге асығар емес. Ер кісі үйді жылытуға басқа құрылғы алуға қаржысы жоғын айтады.
«Тексерушілер осы айда 2 рет келіп кетті, олардың айтқандарын орындауға тырысамын», - деді Сүлеймен Әмірсейітов.
Газ мамандары бірнеше ескертуден кейін 21 мың теңге болатын айыппұл кесуге мәжбүр екендерін айтады. Тексерудің бір күнінде бірнеше тәртіп бұзушылық анықталды.
«Мұржа тартпайды, бұрандасы істемейді, барлығын тексеруге тырысамыз, кейін акт түземіз», - дейді шебер Нұрсейіт Омаров.
Тексерушілер міндетті түрде баратын орынның бірі – Абай ауылы. Себебі сонда жылдың басында қайғылы жағдай болған. Иіс газынан 4 адамдық бір отбасы мерт болды. Мамандардың айтуынша, тұрғындар ең көп қолданатын жылыту құралы – «иран пештері». Бұл құрылғының нұсқаулық қағазы тек иран тілінде жазылған, сондықтан оны көбінесе дұрыс орнатпайды. Дегенмен, ең арзаны болғандықтан, балық дерлік үйде бар. Сатушылардың өздері де әдетте бұл пештерді қай жерге және қалай орналастыру керек екенін түсіндірмейді.
«Үйдің ауданы 28 ш.м. асады, екіншіден, мұржа далаға шығуы керек, ол темірден жасалып, қосылған тұсына мынадай қамыт орнатылуы тиіс», - дейді шебер Нұрғали Әмірбеков.
Көп балалы ана Луиза Давлетярова үйді жылыту біршама қымбатқа түсетінін айтады. Иран пеші – ең қолжетімдісі. Сондықтан әзірге оны қолданудан бас тарта алмайтынын айтады.
«Жиі тексереді, контролер түбіртекті үнемі алып келіп тұрады, мүмкіндігінше төлеуге тырысамыз. Бірақ, газдың бағасы өте қымбат», - дейді Луиза Давлетярова.
Келес ауданында барлығы 10 486 абонент тұрады, рейд барысында газ мамандары әр үйге кіріп шықты. Айта кетейік, мұндай тексерулер қазір облыс бойынша жүруде. Газ таратушылар қала тұрғындарының да үйлеріне келеді, себебі, ирандық жылыту қазандықтарын үйлерде қолдануға тыйым салынған. Әсіресе, жатын бөлмелерге орнатуға қатаң тыйым салынған.