Ордабасы ауданының дәрігерлері өткізген «Бәйшешек» қайырымдылық акциясы аясында мүмкіндігі шектеулі қыздар мен ұлдар Наурыз мерекесінің шуағын сезіне алды.
Аудандық орталық аурухананың ұжымы, әлеуметтік қызметкерлер, саламатты өмір салты орталығының мамандары мен психологтары ерекше балалар мен олардың ата-аналарына арнап қайырымдылық акциясын өткізді.
Концерт ұйымдастырылып, демеушілердің қолдауымен балаларға естелік сыйлықтар берілді.