Валюта:
  • USD / KZT - 524.24
  • EUR / KZT - 612.94
  • RUB / KZT - 6.68

    Түркістан облысында темір жол қатынастары қызметінің бағасы көтерілді

    22 қыркүйек, 10:46

    Тамыз айында теміржол жолаушылар тасымалы шілде айына қарағанда 17%-ға, жолаушылар айналымы 18% -ға өсті.

    Жолаушылар үшін теміржол көлігі қызметі 1 жылда 10% - ға қымбаттады.
    Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында темір жол көлігімен 267,2 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда, 1,4% -ға артық. Тікелей жүк тасымалы тамыз айында 35,2 млн тоннаны құрап, 2020 жылдың шілдесімен салыстырғанда 0,7%-ға төмендеген. Ал өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 2,3% — ға төмен.
    Жүк айналымы 4,4% - ға, 194,1 млрд т/км-ге дейін өсті. Ағымдағы жылдың тамыз айында жүк айналымы 25,4 млрд т/км құрады . Ал, шілдемен салыстырғанда 1,1%- ға аз болса, өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 4,5% - ға төмен.

    Жолаушылар тасымалы сегментінде 8 айдың қорытындысы бойынша темір жолмен 7,4 млн адам тасымалданды.Бұл көрсеткіш 2019 жылға қарағанда, 49,6% - ға аз. Сонымен қатар, тамыз айында тікелей 828,9 мың жолаушы тасымалданды . Бұл бір ай алдыңғы қортыныдыға қарағанда 16,9% - ға көп. Жолаушылар айналымы 5,7 млрд теңгені құрағанымен, бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 53% - ға аз. Тамыз айында бұл көрсеткіш шілдемен салыстырғанда 18,3% - ға артып, 709,1 млн ЖКМ құрады.

    Тамыз айында жолаушылар теміржол көлігі қызметі 9,9% - ға қымбаттады. Өңірлер арасында бағаның өсуін Түркістан облысының тұрғындары қатты сезінді: жылдық өсім 23,8% - ды құрады. Сондай-ақ, Ақмола облысында (15,8% - ға) және Алматыда (15,1% - ға) бағалар айтарлықтай өсті.
    Ақтөбе (0,1%-ға), Қызылорда (1,5% - ға) және Батыс Қазақстан (1,6% - ға) облыстарында қызметтер біршама қымбаттады.