Валюта:
  • USD / KZT - 533.61
  • EUR / KZT - 621.07
  • RUB / KZT - 6.78

    Заңсыз ойын бизнесін ашқан қызылордалыққа сот үкімі шықты

    08 қыркүйек, 16:13

    Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіндегілер 33 жастағы тұрғынның заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғанын анықтаған. Ол ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында екі пәтерді жалға алып, ойынхана жұмысын жүргізген. Заттай дәлелдеме пәтерден 20 компьютер, 4 «ZOOM» ойын аппараты, 1 модем, ақша алынған.
    Агенттіктің мәліметінше, сот үкімімен оның кінәсі дәлелденді. Оған 200 айлық есептік көрсеткіш (3063х200=612 мың тг) көлемінде айыппұл салынды.